Қош келдіңіз!

     Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің «Монополистер қызметінің мониторингі бойынша электронды деректер қоры» Ақпараттық Жүйесінің порталына қош келдіңіз!
     Біздің порталда Сіз ЭДҚ АЖ-нен соңғы ақпараттарды алуыңызға, бағдарламалық жасақтама мен пайдаланушы құралын жаңартуыңызға болады.

     Портал пайдаланушылары төрт топқа бөлінеді: қонақтар, табиғи монополия субъектілері (ТМС), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің мамандары және әкімгерлер (администраторы). Қонақтар және өзге топ пайдаланушылары жалпы бөлімдерге: ТМС жайлы ақпарат, қалыпты-анықтамалық ақпарат (ҚАА), қалыпты құқықтық актілерге (ҚҚА) қол жеткізе алады. «ТМС жайлы ақпарат» бөлімі реквизиттері, көрсетілетін қызметтер түрі мен көлемі, қызмет тарифтері және т.б. бойынша сұрыпталған табиғи монополия субъектілері (ТМС) жайлы ақпараттан құралған. «ҚҚА» бөлімі аймақтар, өтінім түрлері, қызмет түрлері және т.б. жайлы негізгі ақпараттадан құралған бөлімшелерден тұрады. «ҚҚА» бөлімі бұйрық және ҚҚА түрі, күні, бекіту туралы бұйрық нөмірі, күні және тіркеу нөмірі бойынша іздеуге болатын Комитеттің барлық бұйрықтары мен қалыпты құқықтық актілерден құралған.

     Екінші топ пайдаланушылары – табиғи монополия субъектілері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінде тіркеліп, логин мен пароль алғаннан кейін қарауға Комитеттің жалпы қорына түсетін электронды түрдегі өтінімдер мен құжаттарды құруына, жөнелтуіне болады. Сонымен қатар ТМС-лер бұрын жөнелтілген өтінімдер мен олардың статустарын қарауға қол жеткізе алады.

     Үшінші топ пайдаланушылары – Комитет мамандары кіру үшін ЭДҚ АЖ-нің логиндері мен парольдерін қолданады және Web-порталдың барлық ақпараттарына толыққанды қол жеткізе алады.
     Әкімгер (Администратор) «ТМС жайлы ақпарат», «ҚАА», «ҚҚА» және т.б. бөлімдерге өзгерістер енгізу мүмкіндігіне ие.


               Монополистер қызметінің мониторингі бойынша электронды деректер қоры

     Монополистер қызметінің мониторингі бойынша электронды деректер қоры 2004 – 2006 жылдары өңделінген және қызметтері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті мен реттелетін табиғи моноплиялар Мемлекеттік регистрінің республикалық және жергілікті бөлімдеріне енген кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс атқаруының өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық аспектілері жайлы мәліметтерді құрайды, соның ішінде тарифтік саясат, яғни табиғи монополиялардың көрсететін қызметтерінің тарифтерін келістіру жағынан.
     Деректер қоры табиғи монополия субъектілерінің тарифті бекіту туралы өтінімдерінде немесе тариф сметасының орындалуы, бухгалтерлік баланс, қаржылық-шаруашылық іс-әрекеттер нәтижелері секілді және т.б. регламенттік есептілік ретінде Комитетке ұсынатын құжатар негізінде құрылады.

     Деректер қорындағы мәліметтер ТМС, күнтізбелік жылдар бойынша топталған және ТМС туралы жалпы (реквизиттік) мәліметтерді, көрсетілетін қызметтер көлемі мен осы қызметтердің тарифтері, қаржылық-шаруашылық іс-әрекеттердің негізгі көрсеткіштерін құрайды. Сонымен қатар, Комитетпен мерзімді табиғи монополияның жекелеген субъектілерде өткізілетін техникалық және қаржылық экспертизалар жайлы есептемелер. Деректер қорының жұмысы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті мамандарының монополистің тұрақты даумы және мемлекеттің жалпы экономикалық тұрақты дамуы мен әлеуметтік қақтығыстарды доғару үшін тарифтердің жоғарылауын тоқтатуды қамтамасыз ететін монополистер қызметінің әртүрлі аспектілері және тариф саясаты бойынша шешім қабылдауына ақпараттық қолдау көрсетеді.


 

Құжаттама

Пайдаланушы құралы Жүктеу

 
Skip Navigation Links
Басты бет
Бұйрықтар, ҚҚА
ТМС жайлы ақпарат
Қалыпты-анықтамалық ақпаратExpand Қалыпты-анықтамалық ақпарат
Тұтынушы калькуляторы
Сұрақтар-Жауаптар


   Комитеттің сайтына көшу